Қазақстандық Олимпиада чемпионы 8 жылға спорттан шеттетілді
Қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін Спорттық арбитражды соттың (CAS) шешімімен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының алтын медалінен айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рахимов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) допингке қарсы ережесінің 2.2-бабын бұзғаны үшін айыпталып отыр.
28 жастағы зілтеміршінің дисквалификация мерзімі ол жарыстан уақытша шеттетілген 2021 жылы 18 қаңтардан бастап есептеледі. Рахимовтың 2016 жылы 15 наурыз бен 2021 жылы 18 қаңтар аралығындағы барлық нәтижесі жойылады. Осылайша, спортшы Олимпиада чемпионы атағынан айырылыды.
Айта кетейік, Рахимов Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 77 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.