Қазақстандық параатлеттер БАӘ-де өткен турнирде 15 медальға ие болды

Шарджада (БАӘ) пара жеңіл атлетикадан халықаралық ашық турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа 22 елден үздік атлеттер қатысты. Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 12 спортшы қатысып, 15 медальға қол жеткізді.
Дастан Мұқашбеков (диск лақтыру) пен Алексей Лукутин (100 метрге жүгіру) алтын медаль иеленді. Күміс медальді Ислам Салимов (ұзындыққа секіру), Равиль Мансұрбаев (ядро лақтыру), Салтанат Әбілқасымқызы (400 метрге жүгіру) және Руфат Хабибуллин (100 метрге жүгіру) жеңіп алды. Қола жүлдені Сергей Харламов (100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру), Салтанат Әбілқасымқызы (100 метр), Руфат Хабибуллин (200 метр), Мейіржан Мақсат (1500 метр), Еламан Жоламан (найза лақтыру), Дастан Мұқашбеков (ядро лақтыру), Алексей Лукутин (ядро лақтыру) және Анастасия Яковлева (400 м жүгіру) жеңіп алды.