ММА

ММА файтері дебюттік жекпе-жегін өткізіп, екі күннен кейін қайтыс болды

ММА файтері дебюттік жекпе-жегін өткізіп, екі күннен кейін қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

ММА файтері Кристиан Лубенга дебюттік жекпе-жегінде жеңіліске ұшырап, кейін қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы MMA News хабарлады.

27 жастағы спортшы 12 наурызда Спрингфилд қаласында (Массачусетс штаты) өткен AMMO Fight League әуесқой турниріне қатысқан. Лубенганы үшінші раундта қарсыласы Коди МакКраккен нокаутқа түсірді, содан кейін файтер ауруханаға жеткізілді

Жекпе-жектен екі күннен кейін Лубенга қайтыс болды. Өлімнің себебі белгісіз. Спортшының отбасы сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер