Күрес

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындықты бастайды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындықты бастайды
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионаты алдындағы дайындыққа кіріседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандық балуандар 17 наурыз күні Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынын бастайды. Бас бапкер Серк Жұмашевтің жетекшілігімен грек-рим күресінің балуандары құрлықтық біріншілікке дайындалады. Аталған оқу-жаттығу жиынына барлығы 30-ға жуық спортшы қатысуға мүмкіндік алған. Балуандар 29 наурызға дейін дайындықтарын пысықтайды.

Айта кетерлігі, грек-рим күресінен Азия чемпионаты 19-25 наурыз күндері Моңғолияның Ұланбатор қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер