Әлем футболы

Килиан Мбаппе келесі аптада жаңа клубымен келісімшарт жасасады

Килиан Мбаппе келесі аптада  жаңа клубымен келісімшарт жасасады
news-banner7
mobile-news-top

«ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе келесі аптада мадридтік «Реалмен» келісімшарт жасасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Marca мәлім етті. Екі тарап келіссөзді қайта бастады, сондықтан 18 наурызға дейін келіссөз аяқталады. Дереккөз мәліметінше, Мбаппе жылына 25 миллион еуро алады. Сондай-ақ, шабуылшыға бонус ретінде 60-80 миллион еуро беріледі. Еске салайық, Мбаппе «ПСЖ» сапында 2017 жылдан бері ойнайды. Форвардтың қазіргі келісімшарты 2022 жылдың маусымында аяқталады.

Париждіктер 23 жастағы футболшымен келісімшартты 2024 жылға дейін ұзартқысы келетіні хабарланған болатын. Жаңа келісімшарт бойынша Мбаппеге жылына 50 миллион еуро көлемінде жалақы және бонус ретінде 100 миллион еуро ұсынылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер