Украиналық клубтың шабуылшысы Қазақстанға ауысудан бас тартты. Себебі - саяси жағдай

Украиналық клубтың шабуылшысы Қазақстанға ауысудан бас тартты. Себебі - саяси жағдай
news-banner7
mobile-news-top

«Ворскланың» бразилиялық шабуылшысы Лукас Ранжел Қазақстан чемпионатына ауысудан бас тартқан, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі украиналық Sportanalytic.com сайтына сілтеме жасап.

«Бразилиялық форвард Қазақстанға ауысуы мүмкін еді, алайда ол жақтағы саяси жағдайға байланысты бас тарттыү

Ранжел «Ворсклада» қалғысы келмейтінін айтты, себебі соғыстан қорқады», — делінген БАҚ хабарламасында.

Айта кетейік, Ранжел былтыр Қазақстанға келген болатын. Ол финляндиялық КУПС сапында Конференция лигасының іріктеу кезеңінде елордалық «Астананы» жеңген. Форвард Нұр-Сұлтанда өткен матчта хет-трик жасаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер