Мария Агапова UFC 272 турнирінде Мороздан жеңілді

Мария Агапова UFC 272 турнирінде Мороздан жеңілді

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтіп жатқан аралас жекпе-жектен UFC 272 турнирінде қазақстандық боксшы Мария Агапова украиналық Марина Морозбен жекпе-жек өткізді, депхабарлайды Prosports.kz .

Бірінші раундтың басы Маринаның еншісінде қалды, бірақ бес минуттық кезеңнің соңына қарай Агапова басымдық танытып, қарсыласының үстіне шығып алды. Алайда украин спортшысы сиренаға дейін шыдады.

Екінші раундта Марина тұншықтыру әдісін қолданды. Агапова қарсы айла таба алмай, 3:27 шамасында төреші жекпе-жекті тоқтатып, украиналық файтердің жеңісін тіркеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или