Бокс

Көпшілік Головкин мен Альварес арасында үшінші жекпе-жекті көргісі келеді

Көпшілік Головкин мен Альварес арасында үшінші жекпе-жекті көргісі келеді
news-banner7
mobile-news-top

DAZN қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында үшінші жекпе-жек өткенін қалайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, қос боксшы арасындағы трилогияны көргісі келетіндер көп.

«Мексикандық боксшыға DAZN қысым көрсетіп отыр, олар «Канелоға» ең үздік боксшылармен жұдырықтасуы керек екенін ескертеді. Олар Альварестің Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін көргісі келеді. Бірақ бұл жекпе-жек Биволмен кездесуден кейін ғана өтеді. Ресейлікпен жұдырықтасу «Канелоның» нағыз мықтылығын көрсететін сынақ болады. Егер мексикалық жекпе-жекте ешқандай дау-дамайсыз жеңіске жетсе, онда ол барлық хейтерді сабасына түсіреді. Сонымен бірге Сергей Ковалевке қарсы өткен күлкілі кездесуді ұмыттыра алады», - деп жазды шетелдік басылым.

Айта кетейік, БАҚ-та биыл күзде Головкин мен «Канело» арасында үшінші жекпе-жек өтеді деген ақпарат тарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер