Қайрат Оразбеков – ҚФФ басшысы қызметіне таласта басты үміткер

Қайрат Оразбеков – ҚФФ басшысы қызметіне таласта басты үміткер

«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков ВКонтакте желісінде Goal.kz парақшасындағы сауалнамада жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Онда ҚФФ басшысы лауазымына кім лайық деген сұрақ қойылған. 

Дауыс берушілердің 54 пайызы Қайрат Айтмолдаұлын таңдаған. Екінші орындағы Давид Лорияға дауыс бергендер саны екі есе аз – 28%. Қалған кандидаттар көп дауыс жинай қоймаған.

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы жаңа президентін сайлау 28 ақпанда өтеді. ҚФФ басшысы лауазымына бес адам үміткер: Қайрат Оразбеков, Давид Лория, Берік Қаниев, Ерлан Жарылқасынов және Әділет Барменқұлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или