Олимпиадада конькимен жүгіру аяқталды. Бүгін финалға шықтық, бірақ орын жоқ

Олимпиадада конькимен жүгіру аяқталды. Бүгін финалға шықтық, бірақ орын жоқ

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының 15-күнінде Қазақстан екі спорт түрінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боранға байланысты шаңғы жарысынан ерлер арасындағы марафон бір сағатқа шегеріліп, қашықтығы 30 шақырымға қысқарды. Бұл өзгеріс Евгений Величкоға көмектеспеді. Ол жүлдегерлер қарқынына жете алмады. Салдарынан қазақстандық спортшы жеңімпаздан жеті минутқа қалып қойды.

Ал Дмитрий Морозов конькимен жүгіруден масс-стартқа шыққан, бірақ жартылай финалдан өте алмады. Надежда Морозова болса, финалға шыққан еді. Бірақ жүлделер сарапқа салынған жарыста үздіктер қатарына кіре алмады. 

19 ақпандағы жарыс кестесі

Шаңғы жарысы
30 шақырымға масс-старт. Ерлер. Еркін жүріс.
Евгений Величко – 43-орын (+7:11.1)

Конькимен жүгіру спорты
Масс-старт. Ерлер. Жартылай финал
Дмитрий Морозов - 10-орын (спринтте 2 ұпай)

Масс-старт. Әйелдер. Жартылай финал
Надежда Морозова – 8-орын (спринтте 3 ұпай), финалға шықты

Масс-старт. Әйелдер. Финал
Надежда Морозова – 15-орын 

Фото: ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или