Бейжің Олимпиадасы: Қай ел қанша медаль алды?

Бейжің Олимпиадасы: Қай ел қанша медаль алды?

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасы алтын медальдар саны бойынша бірінші орында келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Норвегия құрамасы жалпы медальдар кестесінде екінші орында тұрған Германиядан 5 алтын артық алып, (15 алтын, 8 күміс, 11 қола) жеке дара көш бастап тұр.

Норвегия құрамасы осыдан төрт жыл бұрын да жалпы медальдар саны бойынша көш бастаған болатын. Атап айтсақ Пхенчханда 14 алтын, 14 күміс, 11 қола медальмен ең көп медаль алғаны есімізде.

Екінші орында келе жатқан Германия құрамасының еншісінде 10 алтын, 7 күміс, 5 қола (22) медаль болса, үздік үшінші орынды тұрған АҚШ-тің қоржынында 8 алтын, 8 күміс, 5 қола (21) медаль бар.

Сондай-ақ Қытай құрамасы әзірге төртінші орында. Олардың еншісінде 8 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль бар.

Бейжің олимпиадасының аяқталуына тура екі күн ғана қалды. Қазақстанда әзірге медаль жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или