Қысқы

Пхенчан Олимпиадасында чемпион атанған қазақ қызына Бейжіңде жүлде бұйырмады

Пхенчан Олимпиадасында чемпион атанған қазақ қызына Бейжіңде жүлде бұйырмады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпия ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы спринт жарысында Беларусь атынан сынға түсіп жүрген қазақ қызы Динара Әлімбекова жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дегенмен ол әйелдер арасында биатлоннан 7,5 шақырымдық спринттен ТОП-15 спортшының қатарына енді.

Аталған сында жерлесіміз Галина Вишневская-Шепоренко мәре сызығын 52-ші болып кескенін болатын.

Бұл бәсекеде Беларусь құрамасының атынан сынға түсіп жүрген қандасымыз Динара Әлімбекова чемпионнан (+1:28,5) бір жарым минут кешігіп, жалпы есепте 15-ші орынға табан тіреді.

Естеріңізде болса, Динара Әлімбекова осыдан төрт жыл бұрын Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өткен Олимпиадада чемпион атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер