«Бар күшімді салдым». Шыңғыс Ракпаров Бейжің Олимпиадасын қорытындылады

Шаңғы қоссайысынан Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қатысушысы қазақстандық Шыңғыс Ракпаров өзінің алғашқы Олимпиадасын қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
«Жарыс ауыр болды. Трасса тау ортасында, қиын жағдайда жасалған. Бар күшімді салдым. Қолымнан келген нәрсені жасадым. Өз елімізде не Әлем кубогы кезеңдеріне қарағанда мұнда жағдай қиындау. Биік әрі салқын. Бірақ шыдауға болады. Енді Америка құрлықтық кубогының финалына қатысуды жоспарлап отырмын. Әлем кубогы кезеңдеріне де қатысып қалуым мүмкін», - деді спортшы.
Айта кетелік, Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Бейжің Олимпиадасында 41-орын алған болатын. Ол бұл спорт түрі бойынша Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысқан тұңғыш спортшы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или