Қазақстандық клуб Алматыдағы «Қайраттың» базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Бірінші лигаға түсіп қалған «Жетісу» Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Талдықорғандық «Жетісу» Эдуард Глазунов бас бапкер болып тағайындалғаннан кейін Талдықорғанда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, оған жергілікті 38 ойыншы тартылды.
Екінші оқу-жаттығу жиыны Алматыда өтеді, ол 12 ақпанда басталады.
Айта кету керек, оқу-жаттығу процесі «Қайраттың» базасында өтеді.
Еске салайық, Талдықорған клубындағы Глазуновтың бапкерлік штабында Данияр Мұқанов, Виктор Расқұлов және Руслан Барзукаев бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или