«Қиын кезең артта қалды». Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Финляндиямен матч жайлы ойын айтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен қарағандылық «Тұлпардың» бұрынғы бас бапкері Әміржан Мұқанов bookmakerreview.kz сайтында берген сұхбатында Словениямен ойынды қорытындылап, Финляндияға қарсы матч туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Менің ойымша, Қазақстан құрамасы үшін қиын кезең артта қалған сияқты. Бас бапкер Кака командаға оралды, тағы екі ойыншы қатарға қосылды, енді оңайырақ болуы мүмкі.
Көптеген ойыншымыз бірінші кездесуде сәтті өнер көрсете алмады. Бірақ олар енді бабына енеді. Ойыншыларымыз Словениямен матчта бабында емес екені байқалды.
Қайталап айтам, ең қиын кезең артта қалды. Тіпті, Ақбалықовтың жоқтығы да біздің командаға кедергі болмауы керек. Кнауб бар, Тұрсағұлов бар. Бас бапкер де командамен бірге.
Оның үстіне Қазақстанның Финляндияға қарағанда мұндай турнирлердегі тәжірибесі мол. Финдер Италияға қарсы ойында жасағанын қайталай алмайды деп ойлаймын. Олардың тағы үш гол соға алуы екіталай.
Дегенмен, біздің команда үшін қорқатын нәрсе де жоқ емес. Айта айтқанда, фин ойыншылары физикалық тұрғыда бабында секілді, команда қысымды өте жақсы жасайды. Бірақ Қазақстан құрамасы тактикалық тұрғыда басымдылық танытып, ойынды дұрыс бағытқа бұра алады деп ойлаймын. Бұл матч чемпионатта сәтті өнер көрсету жолындағы алғашқы қадам болады».