«Астана» 31 жастағы белорус қорғаушысымен келісімшарт жасасты

«Астана» 31 жастағы белорус қорғаушысымен келісімшарт жасасты

Prosports.kz мәліметінше, «Астана» ФК беларусьтік футболшы Артем Рахмановпен келісімшарт жасасты.

Рахманов карьерасында беларусьтік «Ислочь», «Минск», «Славия», «Рух», «Неман», эстониялық «Левадия», молдавалық «Мелсами», польшалық «Ракув» сапында ойнаған.

Айта кетерлігі, Рахманов 14 жылдық карьерасында клубтан клубқа тек еркін агент ретінде ауысып отырған, еш жерде екі маусымнан артық ойнамаған. 

Қорғаушы Беларусь құрамасы сапында екі матч өткізген, екеуі де ӘЧ-2022 іріктеу кезеңі аясында. Беларусь екі ойында да 0:1 есебімен жеңілген. 

Дегенмен, «Астана» неге 30-дан асқан ойыншыға көз тіккені түсініксіз. Клуб басшылығы Рахманов Беларусь ойыншысы екенін ескерген болар, себебі ол ҚПЛ-да легионер болып саналмайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Трансфер

Трансфер

Футбольные трансферы, последние новости, возможные переходы, рейтинг самых дорогих приобретений, таблица

Пікірлер 0