«Шахтер» мен «Жетісудың» экс-ойыншысы «Қайсардың» спорт директоры атанды

«Шахтер» мен «Жетісудың» экс-ойыншысы «Қайсардың» спорт директоры атанды

37 жастағы функционер Серік Сағындықов «Қайсардың» спорт директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін бұл қызметте Талғат Сыздықов болған.

Футболшы болған кезінде Сағындыков «Мегаспорт», «Қайсар», «Жетісу» және «Шахтер» сапында өнер көрсеткен. Ойыншы ретінде карьерасын 2018 жылы талдықорғандық клубта аяқтаған.

Еске салайық, қызылордалық клубтың жаңа директоры Жағыппар Жұмахметов болған еді. Ал команданы Сұлтан Әбілдаев жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или