Басқа

Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында COVID-19-ға қарсы шаралар күшейтілді

Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында COVID-19-ға қарсы шаралар күшейтілді
news-banner7
mobile-news-top

Бейжің билігі Қытайдағы жаңа жыл мен қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында COVID-19-дың алдын алу және бақылау шараларын күшейтуде. Бұл туралы жұма күні Бейжің қаласы үкіметінің ресми өкілі Сюй Хэцзянь мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сюй Хэцзянның айтуынша, Пекин әкімшілігі COVID-19-дың алдын алу және бақылау шараларын қайта қарап, тұрғындарды алдағы мерекелері – Жаңа жыл мен Көктем мерекесін ҚХР астанасында өткізуге шақырды. Жергілікті билік кәсіпорындарға алдағы мерекелер кезінде өз қызметкерлеріне икемді жұмыс кестесін енгізуді ұсынды. Отбасылық мерекелерді 10 адамға дейін шектеу, сондай-ақ Бейжіңде конференциялар мен оқу іс-шараларының өткізілуін қатаң бақылау туралы жарияланды. Саябақтар, мұражайлар, кітапханалар, кинотеатрлар және басқа да қоғамдық орындардың толуы 75%-дан аспауы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбіде 13 миллион халқы бар Сиань қаласында Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына 40 күн қалғанда локдаун енгізілді. 9 желтоқсаннан бастап Қытайдың осы мегаполисінде коронавирус инфекциясының 200-ден астам жағдайы анықталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер