Бокс

«Сол қолымды жарақаттап алдым». Елеусінов әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте туындаған қиындықтар туралы

«Сол қолымды жарақаттап алдым». Елеусінов әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте туындаған қиындықтар туралы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0) аргентиналық Хуан Эрнан Леаоға (15-2, 4 КО) қарсы жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті. Нұр-Сұлтан қаласында өткен жекпе-жекте Елеусінов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен өзімнің отбасымның, достарымның және елдің алдында кәсіпқой ретінде өнер көрсететініме қатты қуандым. Маған қатты қысым жасалды, өйткені мен соңғы үш жекпе-жектегідей жақсы өнер көрсеткім келді.

Екінші раундтағы екі нокдауннан кейін оны басынан ұрып тоқтатпақ болғанымда сол қолымды жарақаттап алдым. Леао жанын аман сақтауды ғана ойлады, нақты мүмкіндіктерді толығымен пайдалануыма кедергі болды.

Мен қалағанымдай өнер көрсетпесем де, бірақ өзіме қажетті раундтарды алдым және карьерамда алғаш рет 12 раунд жұдырықтастым», - деп келтіреді Елеусіновтің сөзін worldboxingnews.net.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер