Фьюри жекпе-жек өткізгісі келетін бес боксшыны атады

Фьюри жекпе-жек өткізгісі келетін бес боксшыны атады

WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюри келер жылы кездесу өткізуі мүмкін қарсыластарының тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Британиялық боксшы твиттер парақшасында мансабын аяқтағанға дейін өткізгісі келетін бес жекпе-жекті атады. Тізімде Деонтей Уайлдермен трилогия, Диллиан Уайтпен жекпе-жек, ​​Энтони Джошуамен дилогия және Дерек Чисорамен трилогия бар.

Ең қызығы, бұл тізімге украиналық WBA, WBO және IBF титулдарының иегері Александр Усик енген жоқ. Мүмкін Фьюри отандасы Энтони Джошуа украиналық боксшыны реваншта жеңе алады деп сенген шығар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или