Қарағұлов: Жеңіліске бір ойыншыны кінәлауға болмайды

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Нұрбек Қарағұлов Өзбекстанмен өткен екінші жолдастық кездесу (4:6) жайлы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.
- Жақсы ойын болды. Бізге сәттілік жетіспеді деп ойлаймын. Көптеген мүмкіндігіміз болды, бірақ соны голға айналдыра алмадық. Ал қарсыласымыз екінші нөмірмен ойнап, өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, жеңіске жетті.
– Жеңіліске Рауан Атантаевты кінәлап жатқандар бар.
– Жоқ, бұл жерде Атантаев кінәлі емес. Жеңіліске бір ойыншыны кінәлауға болмайды. Бүкіл команда қателесті. Енді осы қателіктерді сабақ алып, оның орнын толтырамыз. Келесі матчтарға жақсы көңіл-күймен шыққымыз келеді.
- Команданың алдағы Еуропа чемпионатына дайындық қалай, жеке дайындығыңыз қалай жүріп жатыр?
- Дайындық жақсы жүріп жатыр. «Ақтөбеде» ойын өткізіп жүрмін. Турнир жақындаған бас бапкер Кака бәрімізді жинап, жаттығу өткіземіз деп ойлаймын.