«Риераны шақыру – маркетингтік әдіс, бірақ оның кәсібилігіне күмән келтірмейміз»

«Риераны шақыру – маркетингтік әдіс, бірақ оның кәсібилігіне күмән келтірмейміз»

ҚПЛ-ға жолдама алған «Ақсу» клубы басшыларының бірі Әлихан Лесов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында бас бапкер қызметіне Испания маманын шақыру, футболдан табыс табу туралы айтып берді.

- Альберт Риераны шақыру тәуекелге бару емес пе? Премьер-лигада алғаш өнер көрсететін клубқа ел футболымен таныс тәжірибелі маман қажет болмай ма?

- Кез келген жаттықтырушыны шақыру - әрқашан тәуекел болмақ. Бірақ Альберт Риераға келгенде тәуекел көп деуге келмейді. «Ақсу» футболда табыс тапқысы келеді, ал Риераның танымалдылығы қосымша табыс әкелуге көмек болады.

- Демек Риераның келуі маргетингтік жол дегенге келісесіз бе? 

- Бұл ғана емес.

- Альберт бұрын өз бетінше жұмыс істеп көрмеген. Ал мұнда жоғары дивизионда бақ сынайтын клубтан ұсыныс түсті...

- Риераның футбол адамы екеніне күмәнім жоқ. Мен бұрыннан «Ливерпульдің» жанкүйерімін, сондықтан Альбертті өнері әлі жадымда. Бапкерлік қызметке келгенде Хосеп Гвардиола, Рафаэль Бенитес секілді мамандармен бірге жұмыс істеп, тәжірибе жинаған. Ал өткен маусымда Фатих Теримнің көмекшісі болды.

Риера - біз ойлағандай испан азаматы емес. Ол ұзақ уақыттан бері Омбыда өмір сүріп келеді. Орыс тілін жақсы меңгерген. Біздің ауа-райы оған тосын болмайды деген ойдамын. 

- «Ақсудың» жаттықтырушылар штабының құрамын жасақтауда Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың ықпалы болды. Қазір бұл жағдай қалай?

- Талғат Маруанұлын сыйлаймын. Бірақ ол командаға ешқандай әсер ете алмайды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или