«Өнер барысы» жобасының авторы өзгерістер туралы айтты
Алматыда өнер жұлдыздары арасында өтетін қазақ күресінен «Өнер барысы» турниріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Жоба авторы Мейіржан Әлібек жарысқа дайындық туралы айтты.
- «Өнер барысы» алғаш рет 2019 жылы өтті. Одан бері қандай өзгеріс болды?
- «Өнер барысы» Қазақстан эстрадасы мен киноиндустриясы жұлдыздарының басын қосады. Биыл турнир төртінші рет өтеді. Жарысқа қатысушылардың санын арттырдық. Салмақ саны да көбейді. Кілемде 28 танымал айтыскер, композитор, әртіс белдеседі. Қатысушылар құрамы 60% өзгерді.
- Қазақтың басқа ұлттық спорт түрлерінен осыған ұқсас турнир өткізу жоспарда бар ма?
- Әзірге садақтан атудан турнир өткізу жоспарда бар. Бұдан бөлек Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған балалар арасында қазақ күресінен «Бала балуан» турнирін өткіземіз.
Биыл жарыс 4 салмақ: аса жеңіл, жеңіл, ауыр, аса ауыр салмақ бойынша өтеді. Жүлде қоры: 16 млн теңге
Қатысушылар: Медет Жанабай, Артур Толепов, Азимжан Сайдбаев, Қайрат Мырзахан, Асылхан Төлепов, Азат Жұмаділ, Талғат Мықи, Асхат Нурмашев, Бейбит Көшқалиев, Аян Өтепберген, Арман Қоңыр, Рустем Жанаманов, Мұхтар Ниязов, Дәулет Бижанов, Әділет Рахметолла, Құрал Молжанов, Ғалым Махамбет, Еркебұлан Дайыров, Мейіржан Төребаев, Мансар Орынхан, Әділжан Омаров, Есентай Ниязбаев Шаһаризат Сейдахмет, Тәуекел Мүсілім, Қанат Әлжаппаров, Олжас Сүлейманов.