Таразда өнер жұлдыздары арасында «Өнер барысы» өтеді

Таразда өнер жұлдыздары арасында «Өнер барысы» өтеді

«Өнер барысы» жобасында республикаға танымал өнер адамдары, еліміздің мега жұлдыздары «Қазақша күрес» ережесі бойынша боз кілемде бақ сынайды.

Биыл жарыс 4 салмақ: аса жеңіл, жеңіл, ауыр, аса ауыр салмақ бойынша өтеді.

«Өнер барысы» алғаш рет 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елордада өткен. Биыл аталмыш жоба Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына орай 16 желтоқсан, сағат 13.00-де «Хабар» телеарнасы арқылы тікелей эфирден өтеді.

Жүлдеқоры: 16 млн теңге

Қатысушылар: Медет Жанабай, Артур Толепов, Азимжан Сайдбаев, Қайрат Мырзахан, Асылхан Төлепов, Азат Жұмаділ, Талғат Мықи, Асхат Нурмашев, Бейбит Көшқалиев, Аян Өтепберген, Арман Қоңыр, Рустем Жанаманов, Мұхтар Ниязов, Дәулет Бижанов, Әділет Рахметолла, Құрал Молжанов, Ғалым Махамбет, Еркебұлан Дайыров, Мейіржан Төребаев, Мансар Орынхан, Әділжан Омаров, Есентай Ниязбаев Шаһаризат Сейдахмет, Тәуекел Мүсілім, Қанат Әлжаппаров, Олжас Сүлейманов.

«Кейінгі уақытта Тараз өңірінде көп қайғылы жағдай болды. Осыған байланысты қала тұрғындарына қуаныш сыйлағымыз келді. Бұған дейін турнирді Қазақстанның ірі үш ірі қаласында: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте өткіздік. «Өнер барысы» Қарағанды, Түркістан не Талдықорған қалаларында өтуі мүмкін еді. Бірақ Тараз - Қазақстан қалаларының ақсақалы, батырлар мен чемпиондардың отаны», - дейді жоба авторы Мейіржан Әлібек.

Фото: Темірлан Насыров

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или