Әлем чемпионатының алғашқы күнінде ел қоржынына «алтын» түсті

Әлем чемпионатының алғашқы күнінде ел қоржынына «алтын» түсті

2021 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр, онда қазақстандық спортшылар да бақ сынауда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстаннан бірінші болып 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Арли Чонтей шықты. Нәтижесінде 260 келі (жұлқа көтеруде 118, серпе көтеруде 142) көрсеткіш көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Ташкенттегі әлем чемпионаты 7-17 желтоқсан аралығында өтеді.

Жалпы алғанда, зілтеміршілер жиырма жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Қазіргі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында бес спортшы бар: Арли Чонтей (55 келіге дейін) Нұрғис Әділетұлы (96 келіге дейін) Артем Антропов (96 келіге дейін) Карина Кузғанбаева (81 келіге дейін), Айзада Муптилда (87 келіден жоғары).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или