Қазақ күресі

Қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» анықталды

Қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Үздіктердің үздігі" республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, жиналғандарды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

"Құрметті спорт сүйер қауым мен спортшылар, құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, жанкүйерлер, жыл соңында сіздермен "Үздіктердің үздігі" жарысында кездескеніме қуаныштымын. Бүгін ерекше күн, Тұңғыш Президент-Елбасы күні. Біздің тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан бұл жарыс барлығымыз үшін оңынан юолғай,-деп атап өтті министр.

-Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. Бізді қызықты жарыс күтіп тұрғанына сенімдімін. Күрес-бұл тек біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл түркі халықтары үшін ерекше спорт түрі. Біздің ата-бабаларымыз ежелден бері дене мен рухтың саулығына ерекше назар аударған.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бүгінде бұл еліміздің стратегиялық бағыттарының бірі деп айта аламыз. Өздеріңіз білетіндей, бізде бірнеше Федерация біріктіріліп, Кәрім Мәсімов басқарған күрес қауымдастығын құрдық. Біз маңызды жұмыстың куәсі болдық. Құрметті балуандар, құрметті спортшылар, барлығыңызға бүгінгі жарыста сәттілік тілеймін, және баршаңызды алдағы тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын".

80 мың доллар жүлде қоры сегіз чемпион арасында бөлінді. Қорытынды айналымға және "Бас палуан" атағын алуға әр салмақ бойынша 2021 жылғы жарыстардың нәтижелері бойынша топ-8-ге кірген палуандар шықты.

Қазақ күресінен 8 салмақ дәрежесіндегі ең мықтыларды анықтаған турнир мәресіне жетті. Бағы мен бабы қатар шауып жеңіс тұғырынан көрінген палуандар "Үздіктердің үздігі - 2021" атағына ие болды.

55 келі

БЕКЖАН ТӨЛЕПОВ (Қызылорда облысы).

60 келі

ЕРЖАН ЕРЕНҚАЙЫПОВ (Нұр-Сұлтан қаласы).

66 келі

ЕСҚАЗИЕВ АРМАТ (Алматы қаласы)

74 келі

ШАЛҚЫБЕК РАХМЕТОЛЛАЕВ (ШҚО)

82 келі

АЙДАР БЕСКЕМПІР (Жамбыл облысы)

90 келі

ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ (Шымкент қаласы)

100

БЕКЗАТ АХМЕТБЕКОВ (Қарағанды облысы)

+100

МАҚСАТ ИСАҒАБЫЛОВ (Қызылорда облысы).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер