Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» турнирі өтеді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу, Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірегейлікті сақтап, одан әрі бекіту үшін қазақ күресін дамыту мақсатында ағымдағы жылы 1 желтоқсан күні Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» республикалық турнирі өтеді.
Ұлттық күрестегі үздік балуандарды анықтауға еліміздің барлық өңірінен 80 балуан қатысады. Оның ішінде елімізге танымал балуандар, «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы М.Тұрсынов, «Әлем Барысының» күміс жүлдегері М.Исағабылов сынды балуандар бар.
Турнир елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді деп жоспарлануда.
Жеңімпаз балуандарға «Бас балуан» атағы беріледі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 80 000 АҚШ долларын құрайды.