Елдос Сметов Оралдағы Қазақстан чемпионатына қатыспайды
Орал қаласында дзюдодан кезекті Қазақстан чемпионаты басталады. Ел үздіктерін анықтайтын додаға Ғалымжан Жылгелдиев бастаған бапкерлер құрамы да аттанды.
Olympic.kz сайтына сұхбат берген бас бапкер бұл чемпионатқа құрама көшбасшыларының қатыспайтынын айтты.
Биылғы ел чемпионатында құрама көшбасшылары арасынан екі спортшы қатыспайды. Олар – Елдос Сметов пен Елдос Жұмақанов.
«Токио Олимпиадасынан кейін Елдосқа демалыс бердік. Ол келесі жылдан бастап 66 келі салмақта күреседі. Дайындыққа да жаңа жылдан соң кірісетін шығар. Ал Елдос Жұмақанов үлкен спортпен қош айтысады. Жұмақановтың отандық дзюдоны дамытуға сіңірген еңбегі зор. Тала й әлемдік жарыстардан жүлде алды. Сондықтан, оның спорттан тыс өмірінің табысты болуына тілектеспін», — деді Жылгелдиев.