Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асыл Айтақын турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол Венгрия өкілі Гамзадгаджи Халидовпен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті. Алайда, төрешілер әдіс сапасы бойынша жеңісті Асылға берді. 

Айта кетелік, аталған сында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды. Өкінішке қарай, "классиктерде" жүлде жоқ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или