Нұрсұлтанов пен Нұрдәулетов қатысатын бокс кешінің толық карды жарияланды
6 қарашада Ақтаудағы «Халық Аренада» кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеште Бекзад Нұрдәулетов (2-0, 1 КО) пен Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8 КО) өнер көрсетеді.
Әуесқой бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов өзбекстандық Фарух Джураевпен (6-4-1, 2 КО) жұдырықтасады.
Орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов беларусь боксшысы Дмитрий Атроховпен (16-11, 7 КО) кездеседі.
Нұрдәулетов пен Нұрсұлтановтың жекпе-жегі <span>– сегіз раунд.</span>
Сонымен қатар, кештің андеркартында бес төрт раундтық жекпе-жек өтеді:
Ауыр салмақ. Айболды Дәуренұлы (дебют) - Нұрсұлтан Байниязов (дебют)
Жартылай орта салмақ. <span>Аль Мухамед Махмут</span> (дебют) - Қыдырәлі Мұрат (дебют)
Екінші орта салмақ. Нұрас Жеңіс (дебют) - Жақсылық Өтешкен (1-1, 1 КО)
Жеңіл салмақ. Самат Жетібаев (дебют) - Рахат Махамбетсаилов (1-3)
Екінші жартылай жеңіл салмақ. Жолдас Жеңгісов (дебют) - Айбек Нұрғиса (1-1)