Бокс

Бокстан ӘЧ: бүгін алты боксшымыз жекпе-жек өткізеді

Бокстан ӘЧ: бүгін алты боксшымыз жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Дүйсенбі, 1 қарашада бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстаннан алты боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алты боксшының үшеуі күндізгі, үшеуі кешкі сессияда жекпе-жек өткізеді.

Нақтырақ айтсақ, күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) Поле Дамиан Дуркачпен жұдырықтасады. Ал Нұрқанат Райыс (75 келі) Ауғанстан өкілі Сулиман Аслиге қарсы шығады. Мұның бәрі 1/8 финалдағы жекпе-жектер. Кндізгі сессияның тікелей трансляциясы елорда уақытымен 18:00-де басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дипакпен кездеседі, Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) украиналық Денис Песоцкиймен кім мықтыны анықтайды. Ал венгриялық Пал Ковач (80 келі) Нұрбек Оралбайдың қарсыласы болады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы сапында үш боксшы - Бек Нұрмағанбет (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Нұрлан Сапарбай (+92 кг) әлем чемпионатымен қош айтысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер