Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Суперкубогы шегерілді. Спортшылардың бірінен коронавирус анықталған

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Суперкубогы шегерілді. Спортшылардың бірінен коронавирус анықталған

29 қазанда Өскеменде волейболдан Қазақстан Суперкубогы өтуі керек болған. Бұл титулды өскемендік «Алтай» мен талдықорғандық «Жетісу» сарапқа салуы керек еді. Бірақ бұл матч шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚВБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерация баспасөз қызметінің мәліметінше, Суперкубоктың шегерілуіне командалардың бір өкілінен коронавирус табылуы себеп болған. Вирус тарамауы үшін матч белгісіз уақытқа шегерілді. 

Айта кетейік, 27 қазанда «Алтай» мен «Жетісу» Қазақстан кубогының финалында кездесіп, ШҚо волейболшылары 3:2 есебімен жеңген болатын.

Фото volley.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или