«Қайраттың» Конференция лигасындағы қарсыласы сенсациялық түрде ел кубогынан ұшып кетті

«Қайраттың» Конференция лигасындағы қарсыласы сенсациялық түрде ел кубогынан ұшып кетті

Алматылық «Қайраттың» Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыласы «Базель» Швейцария кубогының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Базель» елдің үшінші дивизионында ойнайтын «Этуаль» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Жалғыз голды 62-минутта Ромен Курснер соқты. 

Осылайша, «Қайраттың» қарсыласы Швейцария кубогымен қош айтысты. 

«Базель» мен «Қайрат» 1 қазанда кездескен, сол кезде швейцариялықтар 4:2 есебімен жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или