Нұрқанат Райыс: Жекпе-жек жоспар бойынша өтті
Қазақстан құрамасының дебютанты 21 жастағы Нұрқанат Раис Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегіндегі жеңісі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жекті өткіздім. Барлығы жоспар бойынша өтті, бапкерлердің айтқанын орындадым. Енді жақсы нәтиже көрсету үшін келесі кезеңге дайындаламыз. Бұл мен үшін бірінші әлем чемпионаты. Психологиялық тұрғыдан алғанда, бәрі қалыпты», - деді Раис.
Еске салайық, әлем чемпионатының 1/32 финалында 75 келіге дейінгі салмақта Раджс Черногория боксшысы Стефан Савковичті ұтқан болатын. Отандасымыздың келесі қарсыласы Молдова өкілі Влад Гаврилюк болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или