Ел құрамасы U23 чемпионатында бақ сынайды

Ел құрамасы U23 чемпионатында бақ сынайды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуландар арасында әлем чемпионаты өтеді. 5-7 қашара күндері еркін күрес бойынша балуандар өзара мықтыны анықтауға Белград бозкілеміне шығады. Аталған додаға Қазақстан сапынан он спортшы қатысады.

Олар: Асыл Айтақын, Ильяс Аманжолов, Сырбаз Талғат, Нұрқожа Қайпанов, Бибарыс Нұрыллаұлы, Мақсат Сатыбалды, Бекзат Үркімбай, Юнус Гафуров және Бақдәулет Өсербай.

Айта кетерлігі, 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстанның грек-рим және әйелдер күресі құрамалары да қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или