«Барселона» ойыншысы үш апта бойы командасына көмектесе алмайды

«Барселона» ойыншысы үш апта бойы командасына көмектесе алмайды

«Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Педридің жасыл алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz

Испаниялық ойыншы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші туры аясындағы «Баварияға» қарсы ойында жарақат алып қалған.

Испаниялық ақпарат құралдарының жазуынша, 20 жастағы футболшының алаңға оралуына кем дегенде тағы үш апта қажет. 

Айта кетейік, биылғы маусымда Педри «Барселона» сапында үш ойынға қатысты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или