Теміржановтің бокстан әлем чемпионатындағы келесі қарсыласы кім болады?

Теміржановтің бокстан әлем чемпионатындағы келесі қарсыласы кім болады?

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатының 1/16 финалында жапониялық Реито Цуцумимен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Теміржанов 1/32 финалда моңғол боксшысы Энх-Амар Хархууды төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Енді келесі кезеңде ол жапониялық Реито Цуцумимен күш сынасады. Цуцуми биыл жастар арасында әлем чемпионы атанып, турнирдің үздік боксшысы болған.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или