Велоспорт

Шымкентте велоспорттан Қазақстан кубогының иегерлері анықталды

Шымкентте велоспорттан Қазақстан кубогының иегерлері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Шымкентте велоспорттан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогі мәресіне жетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 90 шақырымдық топтық жарыс өтті. Аталған сында СҚО өкілі Александр Семенов жеңіске жетті. Екінші орынды Жамбыл облысының намысын қорғаған Нұрберген Нұрлықасым, үшінші орынды СҚО-ның тағы бір өкілі Илхан Достиев иеленді.

Ерлер арасындағы жекелей сында Андрей Ремхе (Алматы облысы) алтын алса, Алексей Ваганов (СҚО) күміс, Максим Тараскин (Алматы облысы) қола жүлдегер атанды. ⠀

Әйелдер арасындағы жекелей сында елордалық Елена Мандракова жеңіске жетті. Светлана Пащенко күміс, Ульяна Сухоребрик қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасындағы командалық жарыста Алматы облысы, ерлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер