Күрес

Қазақстандық самбошылар жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық самбошылар жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды.

Бәсекенің алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржынына қос жүлде түсті. Әуелі 53 келіде сынға түскен Алдияр Қарағұлов қола жүлдегер атанса, 58 келіде жарыс жолына шыққан Аман Бақытжан қарсылас шақ келмей, алтын медаль жеңіп алды.

Әлемнің 30-дан астам мемлекетінен спортшы келген бәсеке 17 қазанда мәресіне жетеді.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер