Футзал

Лео Игита: Қазақ тілін үйреніп жүрмін

Лео Игита: Қазақ тілін үйреніп жүрмін

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қақпашысы, Қазақстандағы №1 онлайн-букмекер Parimatch компанисының бренд-амбассадоры бразилиялықтан көрі қазаққа жақын екенін айтты. 

-  Лео, сәлем! Алдымен, сен үшін және бүкіл Қазақстан құрамасы үшін сәтті болған әлем чемпионатындағы ойынмен құттықтағым келеді!

- Көп рахмет, бұл ұмытылмас сезім! Мен бұрын мұндай эмоцияны бастан кешірген емеспін. Әлем чемпионаты - кез келген футзалшы үшін биік шың, өте жоғары деңгей. ФИналдық бөлігінде ғана емес, іріктеу де де қиын болды.

- 2021 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан бері бірнеше күн өтті, эмоция аздап басылды. Дәл қазір не сезінетініңді айта аласың ба - Қазақстан әлемнің үздік төрт командасының қатарына енгеніне қуаныш па әлде біздің командаға финалға жетуге бір жарым минут жетпегені үшін өкініш пе?

- Менің ойымша, Қазақстан өте жақсы өнер көрсетті. Әрине, жартылай финалда Португалиядан жеңілу өте өкінішті болды, бірақ біздің команда тарихқа енді деп сенімді түрде айта аламыз.

Сондықтан, өкініштен гөрі қуаныш әлдеқайда көп. Біз алға қойылған тапсырманы орындадық, әлем чемпионаттарына қатысқан уақыт ішінде ұлттық құрама үшін ең жақсы нәтиже көрсеттік. Жартылай финалдағы жеңілістің өкінісі, әрине, қалды, мен әлі де уайымдаймын, бірақ қуаныш сонда да көп.

- Әлем чемпионаты дәл осылай - Португалия құрамасының жеңісімен аяқталады деп күттің бе? Команда турнирді лайық түрде жеңді ме?

- Аргентинаға қарсы финалға келсек, Португалияның жеңісі заңды сияқты. Бірақ бұл команданың жеңіске қалай жеткенін еске түсірейік. Португалиялықтар шешуші матчқа дейін төрт рет тең түсті: топтық кезеңде Мароккомен, 1/8 финалда Сербиямен, ширек финалда Испаниямен, жартылай финалда бізбен. Оларға сәттілік жолдас болды.

- Топтық кезеңде Венесуэламен өткен матч алаңдатты. Бұл ойында командаға не болды? Қарсыласты бағаламадыңдар ма? Плей-оффқа шығу міндеті шешілгенін түсіндіңдер ме?

- Қарсыласты бағаламау болмады, әсіресе әлем чемпионатында. Бірақ біз шынымен де Венесуэла мұндай мықты, ұйымдасқан команда болады деп күтпеген едік. Оларға қарсы ойнау қиынға соқты, венесуэлалықтар күш көрсетті. Бізге қарсы олар бүкіл өміріндегі ең жақсы ойнын ойнаған шығар.

Бірақ біз үшін бұл жақсы болды, өйткені команда бізді бір сілкіп алды, Венесуэла бұл әлем чемпионаты екенін еске салды. Сондықтан болар, біз 1/8 финалда Таиландты 7:0 есебімен тас-талқан еттік.

- Жылдың басты оқиғасы - 2021 жылғы әлем чемпионаты артта қалды. Бірақ демалыс жоқ сияқты ғой?

- Иә, әлем чемпионатының үшінші орны үшін матчтан төрт күн өткен соң Қазақстан Суперкубогы үшін «Атыраумен» күш сынасу қажет болды. Мен бұл ойынды жібере алмадым, онда «Қайрат» үшін жүлде сарапқа салынып жатты, біз оны жеңіп алдық!

Ел кубогының бастапқы кезеңінде демалып, энергия үнемдеуге болатын шығар, команданың бапкерлік штабы барлық ойыншыға өзін дәлелдеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

- Жасың 35-те, үлкен тәжірибең бар, футзалда армандауға болатын биіктерге қол жеткіздің. Ойнап шаршамадың ба?

- Менің басты арманым – әлем не Еуропа чемпионатында жеңіске жету. Мен бұл екі мақсатқа да жақындадым, бірақ әлі қол жеткізген жоқпын. Сондықтан әлі шаршамадым (күліп). Иә, жасым 35-те, бірақ қақпашы үшін бұл қалыпты, әлі тағы бір әлем чемпионатына қатыспақпын.

- Карьераңды аяқтаған соң не істейтініңді ойладың ба? Өйткені, бұл сәт ерте ме, кеш пе, келеді ғой.

- Әрине, ойладым. Бразилияда мен биолог мамандығында оқыдым, бірақ Қазақстанға көшкендіктен университетті бітіре алмадым. Карьерамды аяқтағаннан кейін білім алуды жоспарлап отырмын, бірақ жаттықтырушы немесе менеджер ретінде футзалда қалуым мүмкін.

- Дуглас екеуің жақын доссыңдар. Футзал әлеміне қатысы жоқ достарың бар ма?

- Әрине, бар! Спортпен мүлдем айналыспайтын досым көп (күліп). Қазақстанда да, Бразилияда да бар.

- Қазақстанға 2009 жылы келдің. Аз уақыт «Белененсиш» сапында ойнап келгенің болмаса, мұнда өмір сүріп жатқаныңа 13 жыл болды. Қазақстанға қалай келдің?

- 2009 жылы мен Рио-де-Жанейроның «Васко да Гама» командасында ойнадым. Досым Рони ол кезде қарағандылық «Тұлпарда» ойнаған. Клубтың бас бапкері Әміржан Мұқанов одан аяғымен де жақсы қимылдай алатын қақпашы табуды сұраған, сондықтан олар маған хабарласты. Мен аз уақыт ойланып, бұл ұсынысты қабылдадым. Жалпы, мен Қазақстанға Ронидің ұсынысымен келдім.

- Пайыз мөлшерімен алсақ, бойыңда қазақстандық көп пе, бразилиялық па?

- Ха-ха, қызық сұрақ (күліп)! Жыл сайын бойымдағы қазақстандық артып жатыр деп айта аламын. Қазір қазақстандықтың пайдасына 60 та 40 шығар. 

- Қазақстанда үйренісе алмай жүрген нәрсе бар ма?

- Жауап беру өте оңай - суық ауа райы. Мен - кариокамын, Риода туғандарды осылай атайды және барлық кариоканың аязға үйренуі өте қиын, олар минус температура не екенін білмейді. Бірақ ештеңе етпейді - мен қыста да Қазақстанда қалай демалуға болатынын түсіндім (күліп).

- Сен қазақ тілін оқып жүргеніңді білеміз, қалай болып жатыр?

- Тырысып жатырмын, бірақ әзірше өте қиын. Менің басым португал, орыс тілдеріне толы, ағылшын тілін де үйреніп жатырмын. Бірақ кей нәрсені түсінемін және сөйлеуге тырысамын, командадағы әріптестеріме қазақ тілінде сөйлеймін. Қалайсың, керемет, жақсы, қайырлы таң, ас болсын. Мүмкіндігінше осы сөздерді әңгімеге қосуға тырысамын.

Фото: ФИФА, Лео Игитаның жеке мұрағатынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0