Грек-рим күресі

«Жүлде сыйлағаныма қуаныштымын». Алмат Кебіспаев жанкүйерлеріне алғыс айтты

«Жүлде сыйлағаныма қуаныштымын». Алмат Кебіспаев  жанкүйерлеріне алғыс айтты
news-banner7
mobile-news-top

Норвегияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Осло бозкілемінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Алмат Кебіспаев қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ослодағы әлем чемпионатының соңғы күнінде жүлдеге қол жеткіздік. Баршаңыздың қолдауларыңызға рахмет! Бұл барлығымыздың, бапкерлер бар, құрама мүшелерімен бірге жеткен жетістік. Өте қуаныштымын! Сіздерге осындай жүлде сыйлағаныма қуаныштымын!», - дейді Алмат.

Айта кетерлігі, Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Бұл грек-рим күресінен ұлттық құраманың аталған біріншіліктегі жалғыз жүлдесі болды.

Сондай-ақ, Алмат Кебіспаев дүниежүзілік біріншілікте кезекті жүлдесін ұтып алып, әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері атанды. Ол осыған дейін өзі қатысқан әлем чемпионаттарынан бір күміс және үш қола медаль ұтып алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер