Грек-рим күресі

Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады
news-banner7
mobile-news-top

Ослодағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық кездесу аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Осы салмақта ел намысын қорғаған Алмат Кебіспаев ресейлік қарсыласы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Назир Абдуллаевқа есе жіберді.

Тартысты белдесуде Алмат 5:10 есебімен ұтылған. Осылайша, Алмат турнирдің қола жүлдесіне таласу мүмкіндігін алып отыр.

Алмат Кебіспаев әлем чемпионаттарының төрт дүркін жүлдегері. Соңғы рет ол 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ, Кебіспаев 2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы Рио Олимпиадаларының қатысушысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер