Дәулетбеков әлем чемпионатында бесінші орын алды
Ослода (Норвегия) өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков бесінші орын иеленді.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Азамат қола жүлде үшін күресте ресейлік Артур Найфоновпен кездесті.
Белдесу ресейлік спортшының басымдығымен өтті. Найфонов Токиода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған болатын. Ослода ресейлік балуан Дәулетбековті 3:0 есебімен ұтып, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Ал Азамат Дәулетбеков жүлдеге бір қадам жерден тоқтап, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или