Токио Олимпиадасындағы сәтсіздікке не себеп болды? Ғалымбек Кенжебаев түсіндірді

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев командасының Токио Олимпиадасындағы сәтсіздігінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«Бұл өте үлкен тәжірибе болды. Менің мұндай тәжірибем болмаған. Жұмыста, команданы дайындауда осы тәжірибе жетіспеген болар. Бұл жақсы тәжірибе, бірақ, әрине, ондай қайталанғанын қаламаймын», - деді Кенжебаев LifeSport KZ Youtube-каналына берген сұхбатында. </span>
<span>Еске салайық, Токио Олимпиадасынан қазақстандық боксшылар алғаш рет алтын медальсіз қайтқан еді. Ел қоржынына Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов қола медаль салған. Қалған боксшылар алғашқы кезеңдерде жеңіліп қалған болатын. </span>
<span>Олимпиададан кейін Кенжебаев отставкаға кеткен еді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или