Жеңіл атлетика

Қазақстандық спортшы Африкадағы триатлон жарысында топ жарды

Қазақстандық спортшы Африкадағы триатлон жарысында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Зимбабвенің Ньянга қаласында триатлоннан өткен Африка кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл туралы Қазақстан триатлон федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол спринт қашықтығын 1:01:18 уақытта бағындырып, Elite санатында алтын жүлдеге ие болды. Екінші және үшінші орындарды Марокконың спортшылары алды: Джавад Абдельмула (1:01:44) мен Бадр Сиване (1:04:18).

Әйелдер санатында бірінші және екінші орындарды ОАР спортшылары иеленді: Ханна Ньюман (1:13:11) мен Бриджет Теуниссен (1:16:08). Үштікті жергілікті спортшы Гриир Уинн (1:21:59) тұйықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер