Күрес

Нұрлан Аманқосов: Әлем чемпионатына екі салмақта ешкімді апармаймыз

Нұрлан Аманқосов: Әлем чемпионатына екі салмақта ешкімді апармаймыз
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы бұл күндері Ресейде жаттығып жатыр. Команда бас бапкері Нұрлан Аманқосов жиынның жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Дайындық жақсы өтіп жатыр. Сочи қаласында Ресей құрамасымен бірлескен жиын ұйымдастырылды. Сол жердеміз. Қыздардың дайындығы жаман емес, бәрі де алға қойған мақсаттарына ұмтылуда.

Он салмақтың сегізінде балуан қыздарымыз кілемге шығады. 50 және 68 келіде әлемдік додаға ешкім бармайды. Қалған спортшылар тас-түйін дайын», - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер