«Бізді қиын ойындар күтіп тұр». «Тобыл» бас бапкері «Қызыл-Жарға» қарсы матчтан кейін пікірін айтты

«Бізді қиын ойындар күтіп тұр». «Тобыл» бас бапкері «Қызыл-Жарға» қарсы матчтан кейін пікірін айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Тобыл» бас бапкері Александр Москаленко «Қызыл-Жарға» қарсы кездесуден соң пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кубок ойындарынан әрдайым тосынсый күтуге болады, төменгі дивизиондағы командалардың әлеуеті мықты ұжымдарды ұтқанын талай рет көргенбіз. Бізді алда тығыз ойындар кестесі күтіп тұр, бүгін біз түрлі себептермен алаңға шықпаған жігіттерге мүмкіндік бердік.

Иә, біз кубок бәсекесінде келесі кезеңге өттік, бірақ мұның бәрін тезірек ұмытып, алда болатын басқа да ойындарға дайындалу қажет.

Бүгін команда мінез көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізе білді. Ойынның әр бөлігіндегі олқылықтардың орнын толтыру қажет. Команда ретінде дамуымыз керек. Жанкүйерлерге алаңдағы атмосфера үшін алғыс айтамын. Оларды келесі кезеңге өткенімізбен құттықтаймын», - деді Москаленко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер