Футзал

Біржан Оразов: Қарсылас өте мықты болды

Біржан Оразов: Қарсылас өте мықты болды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов әлем чемпионаты топтық кезеңінің соңғы турындағы Венесуэлаға қарсы матч туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Ойын өте қиын болды. Венесуэла біздің топтағы ең мықты қарсылас саналады. Біздің міндет плей-оффқа бірінші орыннан шығу еді, біз оны орындадық. Енді әрі қарай жалғастырамыз. Әрине, қарсылас өте мықты. Жаттықтырушылар штабымен бірге оларды зерттедік. Ойын бойы көбірек шабуыл жасадық, бірақ соңғы минуттарда гол жіберіп алдық. Иә, есеп 1:1, бірақ біз топтан бірінші орынмен шықтық. Басты мақсатымызды орындадық», - деді ойыншы матч соңында.

Айта кетейік, Венесуэла мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстан А тобында біріншіторын алып, плей-офф кезеңіне өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер