Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатына Польшада дайындалып жатыр
Еркін күрестен Қазақстан командасы әлем чемпионаты қарсаңында Польшада бірлескен жаттығу жиынын өткізіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.
Бірлескен оқу-жаттығу жиынына Германия, Венгрия, Румыния, Швеция, Израиль, Польша және Қазақстан құрамалары қатысуда.
"Жаттығу жиыны басталды. Спортшылардың физикалық дайындығын реттеп жатырмыз. Жиын соңына қарай балуандар жарысқа бабында баруы үшін тағы бір апта бақылаймыз. Әлем чемпионатына осы жақтан, яғни, Варшавадан ұшып кетеміз. Спортшылар өздерін жақсы сезінуде", - дейді бас бапкер Әсет Серікбаев.
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты 2-10 қазан аралығында Норвегияның Осло қаласында өтеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или