Айдос Ербосынұлы нокаутпен жеңгеннен кейін IBF рейтингінде үздік бестікке енді

Айдос Ербосынұлы нокаутпен жеңгеннен кейін IBF рейтингінде үздік бестікке енді

<span>Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған рейтинг ұсынды.</span>

<span>Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді. Рейтингтің алғашқы екі орны бос тұр, үшінші орынға ресейлік Евгений Шведенко жайғасқан. Бұл деңгейдегі IBF әлем чемпионы – АҚШ өкілі Калеб Плант. </span>

<span>Еске салайық, 12 қыркүйекте Ербосынұлы Нұр-Сұлтанда гайаналық Леннокс Алленмен іріктеу жекпе-жегін өткізіп, оныншы раундта нокаутпен жеңді. Осылайша ол екінші орта салмақтағы WBA әлем чемпионы титулына міндетті үміткер болып отыр.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или